Новости на Newstaraz.

Шымкенттік полицейлер кәріз құдығының бес қақпағын ұрлап кеткен азаматты анықтады

newstaraz.kz

Миллионды қала аумағында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүріп жатыр.

Кезекті іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы Патрульді полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында «Opel Astra» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан кәріз құдығының бес қақпағы табылды.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жүксалғыштағы қақпақтар ұрлықы екені анықталды.

Айта кетсек, Қаратау аудандық полиция басқармасына қаладағы мемлекеттік мекемелердің бірінен хабарлама келіп түскен. Арызданушы белгісіз тұлғаның көшедегі шойын кәріз құдығының 5 дана қақпағын ұрлап кеткенін көрсеткен. Оның жалпы құны — 54 480 теңгені құраған.

Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-тің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алынды.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкенттің 62 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Бұрын сотты болмаған ер азаматтың бұдан өзге кәріз құдығының 43 дана қақпақ ұрлық жайттарына қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »