Новости на Newstaraz.

Шымкенттік полицейлер лифтіде баласы бар әйелге шабуыл жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстады.

newstaraz.kz

Иллюстративное фото edinstvo.by

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Шымкент қаласы Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Әйел өз шағымында үйдің лифтінде белгісіз адам оны зорлауға тырысқанын айтты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 24-120-бабы «зорлауға оқталу» бойынша тіркеуге алды.

Жасалған қылмыстың ауырлығы мен күдіктінің батылдығын ескере отырып, полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған тәжірибелі жедел уәкілдерден тұратын арнайы топ құрды.

Іс Полиция департаменті басшылығында ерекше бақылауға алынды.

Нәтижесінде, жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жас жігіт, мегаполис тұрғыны болып шықты. Жедел топ өкілдері оны қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі поезд вагондарының бірінде құрықтады.

Ол түнде Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »