Новости на Newstaraz.

Шымкенттік полицейлерге жаңа автокөліктер табыс етілді

newstaraz.kz

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметтік автокөліктерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Іс-шара әл-Фараби алаңында «Shymkent Plaza» сауда-ойын-сауық орталығының жанында өтті.  Салтанатты рәсімге Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, Шымкент қ. Маслихат хатшысы Ғани Ташқараев, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов және департамент басшылығы.

Шымкент полициясының автопаркін 109 жаңа көлік толықтырды. Олардың барлығы отандық  «JAC» өндірісі. Оның ішінде 80- «JAC S3» моделі және 29-«JAC S5» моделі.

Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған. Бұл нақты уақыт режимінде ұстау топтарының жұмысын үйлестіруге және нарядтардың оқиға орнына немесе күзетілетін объектіге келу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа автокөліктердің кілттері мен құжаттарын полиция қызметкерлеріне қала әкімі Ерлан Айтаханов табыстады. Ол полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту полицейлердің жұмысын тиімдірек етуге көмектесетінін атап өтті.

Өз кезегінде, Шымкент қ. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов департаменттің барлық қызметкерлері атынан қала әкімі Ерлан Айтахановқа автокөлік үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, барлық жеке құрамға адал қызмет атқарғаны, қоғамдық қауіпсіздікті және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз еткені үшін алғысын білдіріп, қызметтік көлікті алумен құттықтап, жаңа автомобильдер полицейлерге мобильді болуға және азаматтардың хабарламаларына тез жауап беруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Қызметтік автокөліктерге ұқыпты қарауға шақырды.

Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.

 

Пресс-служба ДП г.Шымкент

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »