Новости на Newstaraz.

Сот «Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген» ерлі-зайыптыларға үкім оқыды

newstaraz.kz

Солтүстік Қазақстан облысында сот «Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға үндеген» ерлі-зайыптының әрқайсысын бес жыл түрме жазасына кесті. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері мен бірқатар басылымдар жазды.

Ерлі-зайыптыға Қылмыстық кодекстің 180-бап 2-бөлігі бойынша («Сепаратистік әрекет») айып тағылған. Іс материалдарына қарағанда, айыпталушылар «Солтүстік Қазақстанның кімге тиесілі екені» жайлы дауласқан. Ресейлік «Россия сегодня» ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі – Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, ерлі-зайыптылар «Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген».

«2022 жылдың 11 желтоқсанында ерлі-зайыпты екі адам телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, «Чат Рулетка» қосымшасындағы айтқандары Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға үндейтінін және айналаға теріс әсер ете алатындығын біле отырып, өзге адамға әлеуметтік тұрғыда қауіпті сөзді ашық айтқан» деп жазылған сот хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, ерлі-зайыптылап айыпты мойындамаған. Қазақстанның қылмыс заңнамасында сепаратистік әрекетке 5-10 жыл түрме жазасы қарастырылған. Прокурор айыпталушыларға ең аз жаза сұраған.

Соттың хабарлауынша, іс бойынша жағдайды ауырлататын немесе жұмсартатын жайттар анықталмаған. Сот экстремистік сипаттағы қылмысқа шартты жаза тағайындалмайтынын да ескерткен. Ерлі-зайыптылар қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.

3 тамызда Азаттық Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне хабарласқанмен жауап ала алмады.

Екі күн бұрын Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Қазақстан — жасанды мемлекет», «Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия мен Грузияның қазіргі жері Ресей туы астына бірігуі мүмкін» дейтін пост пайда болған. Он минуттан кейін пост жойылған. Кейін Медведевтің көмекшісі бұрынғы президенттің парақшасы «бұзылғанын» мәлімдеді.

Медведев постының скриншоттары әлеуметтік желіде жылдам тарап, ол туралы Қазақстан қоғамында сын пікір мен Ресей саясаткеріне қарата айтылған сарказм күрт көбейгені аңғарылды. Кейбір авторлар оны Қазақстан жерін даулап, мәлімдеме жасап жүрген Ресейдің кейбір депутаттарының сөздерінен кейінгі тағы бір белгі деп болжағаны байқалды.

Осыған дейін кейбір Ресей саясаткерлері де Қазақстанның солтүстік өңірін «орыс халқының сыйы» деп мәлімдеп, кейбіреулер тіпті, «территориясын» қайтаруды талап еткен. Былтыр Нұр-Сұлтан Ресей мемлекеттік думасы депутаты Вячеслав Никоновтың мәлімдемесіне байланысты Мәскеуге наразылық нотасын жіберген. Ресей билігінен жауап болмаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »