Новости на Newstaraz.

Спорт журналисі қазақ жігіттеріне Головкин үшін жаға жыртысудың қажеті жоқ екенін айтты

newstaraz.kz

Қуат Хамитов, Мырза Еркінбеков. Фотоколлаж: nur.kz

Қыдырбек Рысбек есімді спорт журналисі Головкинді қаралағаны үшін Қуат Хамитовты жекпе-жекке шақырған Мырза Еркінбековті сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Журналист Facebook-тегі парақшасында қоғамда қызу талқыға түскен тақырыпқа қатысты өз ойын айтып, жазба жариялаған.

«Мырза атты ініміз Қуат Найман бауырды жекпе-жекке шақырды. Ол інімізді не түлен түрткенін біле алмадық. Қуат Головкиннің соңғы айқасына қатысты ойын айтқаны үшін ғана кінәлі ме? Головкиннің кейінгі ұрысы жайлы әлемнің небір майталман боксшылары пікір білдіріп жатыр. Оу, Мырза інім, соларды да жекпе-жекке шақырасың ба? Қуат ағаң емес пе!

Баяғыда Балуан Шолақ атамыз бұрышта бүк түсіп жатқан Қажымұқанды теуіп жібергенде дүниеге аты шыққан Қажекең жасы үлкен ағасының жағасына жармасқан жоқ. Қазақтың үлкен сыйлайтын әдебінен, ата салтынан аттамай көргенділік танытты. Оу, Мырза, сенікі қандай батырлық?! Ақылға кел, інім! Қуат батыр ұлт намысын жоқтап жүрген адам.

Сен Головкин үшін бауырыңа өшікпе, керек болса, Қуат пен Геннадий бір біріне xабарласар. Керек болмаса, әңгіме осымен тәмам болсын.

Похожие статьи

Ел аман, жұрт тынышта екі қазақтың жұлқысып жатқаны ұят тірлік. Мырза інім, күшің тасып бара жатса, әркімге есесі кетіп жүрген қаншама қарындастарың жүр қорған таба алмай, қаншама бауырларың жүр бірнеше айлық жалақыларын ала алмай, соларға қорған бол Қуатқа өшіккенше.

Жобаңа қарасам, ақылсыз емессің. Мыңдаған адамның назарындағы желі арқылы Қуат ағаңды майданға шақырғаның, нағыз қазақ жігітіне, ата-ананың тәрбиесін көрген сендей өренге жараспайтын қылық. Бәлкім, сені біреулер арандатып отырған шығар. Сабыр қыл. Головкин отыздың бел ортасына келді. Бұл жалғанда одан да зор небір батырлар да сүрінген.

Жарайды, Генаның жанкүйері шығарсың, бірақ сол жанкүйерлікті өз ойын ортаға салғаны үшін Қуатқа қарсы ұрысқа айналдырғаның жарамады. Қуат сенің бауырың! Ел мүддесін ойлаған жігіт жасы үлкен бауырына жұдырық түймейді. Сен Қуатты айқасқа шақырамын деп қаншама адамның қарсылығына душар болдың! Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. Мырза, осы қылығың үшін Қуат ағаңнан кешірім сұрағаның дұрыс болады. Ойлан!«, — деп жазды ол.

Естеріңізде болса, Головкин мен Джейкобс жекпе-жегінен кейін спорт сүйер қауым мен сарапшы мамандар екі боксшы арасындағы шайқасты ұзақ талқылаған еді. Бірі Геннадий таза жеңді десе, енді бірі Джейкобсты жеңімпаз деп тапты. Осы орайда, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Қуат Хамитов Головкинге бокстан кетуге кеңес берген болатын.

Ал Мырза Еркінбеков есімді спортшы Генаны қаралағаны үшін Қуат Хамитті жекпе-жекке шақырды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »