Новости на Newstaraz.

Сылақшы қыз: Күйзеліске түскен соң ұзын шашымды тақырлап алып тастадым

newstaraz.kz

Қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбай ата-анасы жайлы айтты. Әншінің айтуынша, Алматыға аттанған анасы қайғылы жағдайға тап болып, көз жұмған. Ал әкесі шалғай ауылда қалып қойған. Әнші қыз отбасындағы қиындықтарды баяндап, күйзеліске түскенін жеткізді.

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.

“Мен мектеп бітірген соң ауылдан қалаға көшіп кеттік. Біз қарапайым отбасымыз. Әкем мен анамның мінезі жараспады. Мен 18 жасқа толдым. Ағам астанаға жұмысқа кетті. Әкем ауылға мал бағуға кетіп қалды. Анам Алматыға кетті. Төртеуміз төрт жаққа кетіп қалдық. Мен туысымның үйінде тұрып жүрдім. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болған жоқ. Анаммен хабарласып тұрдым. Жолдасымды таныстырып, алдынан өттік. Ол орыс болғандықтан бізде той жасамадық”, – деді Гүлмайдан.

Алайда анасы көлік қаққаны туралы қаралы хабарды естіп, күйзеліске түскенін айтты.

“Анаңды көлік қағып кетті деп хабар берді. Мен түк түсінбедім. Жыламадым да. Себебі, сенбедім. Өтірік секілді болды. Түс көріп жатқан секілді болдым. Ішімде 3 айлық бала бар еді. Ағам екеуміз Алматыға келіп, жаназасын шығардық. Мен тіпті дауыс шығарып жылай алмадым. Туыс әйелдер неге дауыс шығармайсың деп сөкті. Мен ішімнен тынып жыладым. Кейін қанша күн жылап жүрдім”, –деді әнші.

Гүлмайдан Серікбай анасының әлі күнге орнын толтырар жан жоқ екенін айтады.

“Анамды әлі күнге сағынамын. Қазалы оқиғадан кейін 4 жыл өтті. Анама кей сырларымды айтқым келеді. Анаңның орны ерекше. Ешкім анаң секілді бола алмайды. Тірі болғанда осылай болар еді деп өкінетін кездер жиі болады. Бірақ амал жоқ. Бәріміздің ажалымыз бар. Анамның ажалы осылай болып тұр. Соған көндік. Алланың жазуы деп қабылдадық”, – деді сылақшы қыз.

Желі жұлдызы өткен күндерін еске алды. Әнші қыз отбасындағы қиындықтарды баяндады. Тіпті тамақ іше алмай қалған уақыты болған. Бұл күзеліске түскен кезеңдері еді.

Гүлмайдан Серікбай бір кездері күйзеліске түсіп, қатты қиналғанын айтады. Бұл кезде жолдасы, баласы бар. Отбасында сезім мен құрмет азая бастаған соң бұл әншіге де әсер еткендей.

“Мен азып-тозып кеттім. Тамақ іше алмай қалдым. Ешнәрсеге зауқым жоқ. Ешнәрсе істегім келмейді. Далаға да шыққым келмейді. Күйзеліске түсіп кеттім. Сөйтіп бар өшімді шашымнан алмақ болдым. Бір-ақ күнде өзім тақырлап алып тастадым. Шашым ұзын еді. Бір жылда өскені осы ғана”, – деді ол.

источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »