Новости на Newstaraz.

Түркімен билігі шетелге шығу талаптарын тағы күшейтуі мүмкін

newstaraz.kz

Түркіменстан билігі азаматтардың шетелге сапарына жаңа шектеулер енгізуді қарастырып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі Түркіменстан көші-қон қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

«2022 жылдан бастап кәмелет жасқа толмаған балалары бар азаматтарға шетелге шығуға тыйым салынады. Көші-қон қызметіне осындай тапсырма түсті», дейді мемлекеттік көші-қон қызметінің бір жұмысшысы.

Түркіменстанда халықаралық сапарларға шығуға шектеу енгізілгеніне бір жарым жыл болды. Мұндай шешім коронавирус пандемиясына байланысты қабылданды. Азатлык дереккөзінің айтуынша, жаңадан енгізілетін шектеулер қазіргі шектеу шаралары алынғаннан кейін де сақталады.

«Пандемия 2023 немесе 2024 жылы аяқталып, халықаралық сапарларға рұқсат берілгенімен, шетелге шығу бәрібір қиын болады», дейді дереккөз.

«Оның үстіне, жауапқа тартылған туыстары барлар да шетелге шыға алмайды», деді көші-қон қызметінің өкілі.

Түркіменстанда экономикалық дағдарыс тереңдеген сайын шетелге табыс табуға кеткен түркімен азаматтары көбейіп барады.

Түркіменстан статистика жөніндегі комитетте істейтін дереккөздің 2019 жылғы мамырда хабарлауынша, 10 жылда Түркіменстаннан шамамен 1.9 миллион азамат шетелге кеткен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »