Новости на Newstaraz.

Түркіменбашыда президент ұлының сапары қарсаңында «сенімсіз» азаматтар ұсталып жатыр

newstaraz.kz

Түркіменбашыда президент ұлының сапары қарсаңында "сенімсіз" азаматтар ұсталып жатыр

Түркіменстанның Түркіменбашы қаласында президенттің ұлы, вице-премьер Сердар Бердімұхамедовтің сапары қарсаңында «сенімсіз» азаматтар ұсталып, олармен тәрбие істері жүргізіліп жатыр.

Мәліметке қарағанда, «сенімсіз» азаматтардың қатарына кешкі сағат оннан кейін көшеде жүретін барлық адамдар енген.

«Кешкі сағат оннан кейін көшеде жүретіндердің бәрін ұстап жатыр. Әйелдерді де ұстап, тергеп жатыр. Егер олардан алкоголдік ішімдіктер табылса, бес тәулікке дейін қамап жатыр», — деді дереккөз.

Сердар Бердімұхамедовтің Түркіменбашы қаласына қашан баратыны айтылмады. Бірақ жергілікті билік қаланы көріктендіруді бастап, жабайы ит-мысықтарды жойып жатыр.

Биыл тамыз айында президент жарлығымен Сердар Бердімұхамедов құрамына Түркіменбашы қаласы кірген Балкан облысы үшін жауапты болып тағайындалған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »