Новости на Newstaraz.

Түркіменстанда Өзбекстанға барып келген азаматтар тергеуге алынып жатыр

newstaraz.kz

Түркіменстанның Ұлттық қауіпсіздік министрлігіні Лебап облыстық басқармасы Өзбекстанға барып келген азаматтарды сұрау алуға шақырып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі тергеуден шыққан азаматтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

«Барлық құжаттар дайын болғаннан кейін арнайы қызметке барып сұрақтарына жауап беруің керек. Өзбекстаннан қайтып келгеннен кейін де осылай сұраққа шақырады», – деді аты-жөнін айтқысы келмеген Лебап тұрғыны.

Бұдан бөлек азаматтарға Өзбекстандағы түркімен диаспорасы қалай тұрып жатқаны туралы да мәлімет жинауды тапсырады екен.

«Сонымен бірге Өзбекстандағы туыстары арқылы елдің әскер, кеден және миграция салаларында қанша айлық алатыны туралы мәліметтерді білуді тапсырып жатады», — дейді жергілікті тұрғын.

Азаматтарды Өзбекстаннан қайтып келгеннен кейін бұл ақпараттар бойынша есеп беруге міндеттеп, бас тартқандарды кеден бекетінен өткізбейтінін ескерткен.

Түркіменстан 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулер алынып тастағаннан кейін, соңғы айларда Өзбекстанға барушылар саны көбейген.

«Соңғы күндері Өзбекстанның Ашғабадтағы елшілігі алдында виза алу кезегінде тұрғандар өте көп», — дейді Азаттық тілшісі.

Оның сөзінше, азаматтар көрші елге сауда жасау немесе Өзбекстан арқылы үшінші елге шығып кету мақсатында барып жатса, көбі шекарамен жақын тұратын көрші елдегі туыстарын көру үшін барады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »