Новости на Newstaraz.

Түркіменстанда Ресейге көшкісі келетіндерді түркімен азаматтығынан бас тартуға мәжбүрлеп жатыр

newstaraz.kz

Ашхабадский аэропорт (иллюстративное фото)

Қос азаматтығы бар түркіменстандықтар Ресейге көшу барысында түрлі қиындықтарға кезігіп жатыр. Түркіменстан билігі елден көшкісі келетіндерден түркімен азаматтығынан бас тартуын талап етеді.

«Билік бұның себебін түсіндіргісі келмейді. Көбісі елден кету үшін азаматтықтан бас тартуға мәжбүр», — дейді қос азаматтығы бар бір тұрғын.

Оның айтуынша, азаматтықтан бас тартудың машақаты көп. Ол үшін әуелі тиісті органдарға азаматтықтан бас тарту өтініш тапсыру керк, мұндай арыз жылына екі мәрте ғана — мамыр және қараша айында қаралады.

«Мамырда немесе қарашада арыз қаралмай қалып қойса, тағы алты ай күтуге тура келеді. Азаматтық бас тарту туралы өтініш әдетте себепсіз қайтарылады. Кейде азаматтардың салық немесе алимент бойынша қарызы бар болып шығады», — дейді Ашғабат тұрғыны.

Түркіменстаннан Ресейге көшкісі келетіндер көбейді. 2020 жылғы наурызда түркімен билігі коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық рейстер мен шекараны жапты. Былтыр жазда карантин талаптары жұмсарған уақытта Ресейдің Ашғабаттағы елшілігі алдында елден кеткісі келетіндер көбейіп кетті.

Қос азаматығы бар түркіменстандықтардың айтуынша, азаматтықтан бас тарту өтініші қанағаттандырылғанын телефонмен хабарлайды, бірақ ресми хатты ұзақ күтуге тура келеді.

«Мұндай ресми хатсыз Ресейге көшуге қажетті құжаттарды жинау мүмкін емес. Үйді сата алмайсыз, елшілікке кезекке тұрғызбайды, Мәскеуге билет сатылмайды. Осының бәріне бір ай ғана уақыт береді», — дейді тұрғын.

Бірақ бір айдың ішінде көшуге дайындалып үлгеру мүмкін емес. Сол себепті тұрғындар шетел азаматтары секілді виза уақытын создыруға мәжбүр болады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »