Новости на Newstaraz.

Түркия мен Сириядағы зілзаладан 4 мыңнан аса адам мерт болды

newstaraz.kz

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан 2921 адам мерт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысы (AFAD) Юнус Сезар хабарлады.

15 834 адам жараланған. Қиранды астында қалаған 7 840 адам құтқарылған.

Сирияда зілзаладан кем дегенде 1400 адам мерт болды, үш жарымға жуық адам жараланды, деп жазды Reuters. Агенттік Басар Асад үкіметі мен Дамаскіге бағынбайтын аймақтарда жұмыс істейтін құтқарушылар дерегіне сүйенді.

Мыңдаған үй қирады, ондаған қала зардап шекті. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Түркия елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі құрбандарын бір апта аза тұтады. Бұл жөнінде дүйсенбінің кешінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған хабарлады.

Ақпанның 6-сы күнгі жер сілкінісі осы ғасырда Түркияда болған аса ірі зілзала саналады. Ердоған оны «1939 жылдан кейін қайталанған аса ірі табиғи апат» деп атады. Дүйсенбі күні магнитудасы 7,7-ге тең жерасты дүмпуі тағы қайталанған. Дүмпу Грузия, Армения, Ливан, Иранда да сезілген.

Сирияда ресми билік бақылап отырған аймақтар да, Түркия қолдау көрсетіп отырған қарулы оппозицияның иелігіндегі аймақтар да зардап шеккен. Екі жақта да жүздеген адам өлген. Бірнеше жыл бұрын кескілескен шайқас болған Алеппо қаласы да зардап шеккен.

Ердоғанның сөзінше, бүгінге дейін Түркияға әлемнің 45 елі көмектесуге уәде берген. Оның ішінде АҚШ та бар. Ақ үйдің хабарына қарағанда, АҚШ Түркияға әрқайсында 79 құтқарушысы бар екі топ жіберген. Ресей мен Украина да көмек ұсынған.

Сирияға көмектесуге ұмтылған елдер арасында Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Франция, Германия бар. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, Сирияда орналасқан Ресей әскери контингенті құтқару жұмыстарына тартылған.

  • Түркияның Кахраманмараш қаласында тұрғын үй кварталы тұтастай қираған. Диярбакыр қаласы да қатты зардап шеккен.
  • Сирияда да ірі ғимараттар қираған. Ливан, Ливия, Грузия, Армения және Кипрде де күшті жерасты дүмпулері сезілген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »