Новости на Newstaraz.

Тәжікстан бас прокуратурасы шекарадағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады

newstaraz.kz

Тәжікстанның бас прокуратурасы Қырғызстанның бірқатар әскери адамдарына және азаматтарына қарсы қылмыстық іс қозғады. Көрші ел қырғызстандықтарды басқа мемлекетке қарсы қарулы күш қолданды деп айыптап, қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғаны «агрессия» деп атады.

2 мамырда Қырғызстанның ішкі істер министрлігі қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы «Головной» су тарату орталығында минометтен атылған оқтан 25 қырғыз азаматының қайтыс болғанын хабарлап, тергеу басталғанын мәлімдеген. Ләйлек ауданындағы 12 жастағы қыздың өлімі, жолдағы көліктерді атқылаудан қаза болғандар бойынша жалпы 11 іс ашылды. Шекара маңындағы 11 ауыл жабырқады, бір ауыл толық өртеніп кеткен.

28-30 сәуір күндері қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжалда қаза болған қырғызстандықтардың жалпы саны 35-ке жетіп, 183 адам жарақат алды. Арасында 5 және 13 жастағы балалар бар. Отбасын тастап, қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің саны 58 мыңға жақындады.

Тәжікстан үкіметі зардап шеккендер және қаза болғандар саны туралы ресми мәлімет әлі жарияламады. Бірақ Азаттықтың тәжік қызметі сенімді бұлақтарына сүйеніп, 16 адамның қаза болып, 90-ы жарақат алғанын жариялады. Жанжал болған аймаққа барған журналистер Исфара ауданындағы Қожалы (Хожа Аъло) және Сомониён ауылдарында бұзылған, өртенген үйлердің суретін жариялады.

Екі өлкенің арнайы қызметінің жетекшілері 1 мамырға қараған түні оқ атуды тоқтату және шекара аймағынан әскерін шығару жөнінде келісімге келген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »