Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда 26 пышақ жарақатынан көз жұмған келіншектің ісін тергеу бас прокуратураға тапсырылды

Тәжікстанда 26 пышақ жарақатынан көз жұмған келіншектің ісін тергеу бас прокуратураға тапсырылды

Тәжікстан президентінің атқару аппараты елдің бас прокуратурасына пышақ жарақатынан қаза болған Файзабад ауданы тұрғынының өлімінің себебін зерттеуді тапсырды.

Файзабад аудандық прокуратурасы шілде айында денесіне 26 рет пышақ сұғылған Манора Абдуфаттохтың өлімін суицид деп атаған. «Өзіне қол салуға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ күдіктілер жоқ.

25 жастағы Манора Абдуфаттохтың сүйегі 22 маусымда өзі тұратын пәтерде табылған. Ол күйеуінен кетіп, сол жерде балаларымен тұрған. Қайғылы оқиға кезінде пәтерде үш баласы болған. Үлкені бес жаста, кішісі алты айлық.

Суицид туралы қорытындымен келіншектің туыстары келіспейді. Олар 17 шілдеде тәжік президентінің атына хат жазып, істі жіті зерттеуге шақырған.

Источник

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »