Түркия Айға ұшатын зымыран жасап жатқанын хабарлады
Түркия Айға ұшатын зымыран жасап жатыр деп мәлімдеді Түркияның өндіріс және технологиялар министрі.
Мұстафа Варанк жексенбі күні Anadolu агенттігіне сұқбат берді. Ол түрік зымыраны Delta V Space Technologies Inc компаниясының технологияларын игеру негізінде әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Түркия Айға ұшу бағдарламасын екі кезеңмен жүргізбекші. 2023 және 2028 жылдарға жоспарланған. Бірінші кезеңде ұшқышсыз аппаратты ұшырып көрмек.
Министр Мұстафа Варанктың сөзінше, Түркия ғарыш саласының жоғарғы лигасына енуді көздеп отыр.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 9 ақпанда ұлттық ғарыш бағдарламасын әзірлеген. Түркия ғарыш айлағын салып, азаматтық және әскери мақсатта зымыран ұшырамыз деп отыр.
newstaraz.kz