Новости на Newstaraz.

Түркіменстанда құны 2 млрд доллар тұратын халықаралық порт таяуда ашылмақ

newstaraz.kz

Түркіменстанда 2 мамырда Түркіменбашы қаласында салынған халықаралық порт жақында ашылады.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкімет отырысында елдің маңызды аймақтық және континентальдық көлік бағытында орналасқанын, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, дамуға ұмтылып жатқанын атап өткен.

Балкан уәлаятындағы Азатлык шолушысының айтуынша, Түркіменбашы қаласында (бұрынғы атауы Красноводск) Совет заманында «Азия қақпасы» деп аталатын теңіз порты болған.

Похожие статьи

«1991 жылға дейін Красноводскідегі теңіз портына Дағыстаннан, Махачкаладан, Астраханнан және Бакудан жолаушылар кемесі қатынаған. Жүк кемесі де қатынайтын», — дейді шолушы. Бүгінде бұл портқа Баку және Астраханнан келетін екі жүк кемесі ғана қатынайды екен.

«Жаңа портқа өте қомақты қаражат жұмсалды. Оны қалай пайдаланатыны түсініксіз. Ол өз құнын өтейді ме, белгісіз», — дейді шолушы.

Түркіменбашыдағы жаңа порт құрылысы 2013 жылдың наурыз айында басталған. Порт құрылысын «ГАП Иншаат» түрік компаниясы жүргізіп жатыр. 2 млрд доллар қаражат түркімен бюджетінен бөлінген.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »