Новости на Newstaraz.

Түркияда Ердоғанның саясатын сынаған оқушы қамауға алынды

newstaraz.kz

Түркияда мектепте оқитын 13 жасар бала Facebook-те жарияланған видероликтердің біріне жазған комменті үшін қамауға алынды.

Бұл туралы «Вести. Ru» дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Оқушы бала Интернеттегі постылардың бірінің астына өзінің ойын ашық білдірген пікірін жазады. Онысы президент Реджеп Тайып Ердоғанның қазіргі ұстанып отырған ішкі және сыртқы саясатын сынау болып шыққан. Бұдан мемлекет басшысының ар-намысын қорлау фактісін тапқан полиция қызметкерлеріне оны жазған авторды табу оншалықты қиынға түскен жоқ.

Похожие статьи

Todayszaman ақпарат басылымының мәліметінше, күштік құрылымдар жасөспірімнің үйіне сау етіп, басып кіреді. Сосын қатты қорқып кеткен оқушыны олар полиция учаскесіне жеткізеді. Осында бес сағаттан астам уақыт тергеуде болған балаға қысым жасау одан әрі жалғасқан. Енді прокуратура оқушының психикасы дұрыстығын тексерген жөн деп табады.

Жалпы, бұл Түркияда оқушыларға қатысты орын алып отырған бірінші оқиға емес. Өткен жылы жазда тағы бір 13 жасар бала сыныптастарының ортасында Реджеп Ердоғанды мазаққа айналдырып, қорлағаны үшін қамауға алынған болатын. Соңнынан ол да жүйке аурулары ауруханасынан бір-ақ шыққан.

Түрік елінің басшысы өзінің атына айтылған ұсақ-түйек сындардың өзін назардан тыс қалдырмайды. Мысалы, оппозициялық халық-республикалық партиясының төрағасы Кемаль Кылычдароглу өткен жылы Ердоғанды «диктатураның карикатурасы» дегені үшін соттың шешімімен 100 мың лир (33 мың доллар) ақшаға айыпқа тартылған болатын.

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »