Новости на Newstaraz.

Түймебаев жол бойында дәретханалардың жоқтығына күйінді (фото)

newstaraz.kz

Жансейіт Түймебаев. Фото: rgmedia.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты жол бойында әжетханалардың жоқтығы мазалап жүр. Бұл туралы аймақ басшысы Түлкібас ауданына жасаған сапарында жайып салды.

Сондай-ақ, Түймебаев мырза аудан, қала әкімдерін мектеп оқушыларына теңеді, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Әкімдік қызметке тағайындалғанына бір айдан асқан Түймебаев облыстағы аудан-қалаларды аралауды жалғастыруда. Кезекті сапарын Түлкібас ауданына арнаған әкімнің жергілікті биліктің жұмысына көңілі толмады. Аймақ басшысын денсаулық саласы мен өлім санының артуы мазалады. Айтуынша, жыл басынан бері ауданда бір жасқа дейінгі 19 бала көз жұмған. Ал қан айналым жүйесі аурулары салдарынан 115 онкологиялық дерттен 109 адам қайтыс болған.

«Бұл дегеніміз медицина саласы бойынша ауданда ешқандай бақылау, жұмыс жоқ екенін көрсетеді. Бір аудан үшін осыншама өлім масқара жағдай» деген Түймебаевқа жауап берген ауданның бас дәрігері мұнда өлім саны былтырғыға қарағанда едәуір азайғанын айтып, ақталғысы келді.

Похожие статьи

«19 баланың өзі аз емес қой. Былай қараңыздар, сіздер жоспарда пәленше өлу керек еді біз пәленшеге жеткіздік деп отырсыз. Бұл деген масқара ғой. Бізде ондай болмауы керек», — деген аймақ басшысы ашуға булығып кетті.

Одан өзге Түймебаев шетелдіктер алдында «жерге кіріп кете жаздағаны» сәтін де баяндап берді.

«Ұлы сөздің ұяты жоқ» деген бар. Мен облысты шетелдік қонақтармен аралап жүрмін ғой. Олардың қоятын сұрағы жергілікті жердің келбеті. «Үйлеріңіздің барлығы сұп-сұр… Сосын бірде намаз оқымақ болып, қол жуайық, дәрет алайық деп едік, жол бойынан ондай орынды таппадық. Сіздер тамақ жемейсіздер ме?» деді. «Жейміз, әрине» дедім. «Онда дәрет алу қажет емес пе?» деді олар. Расымен де бізде жол бойында дәретханалар тапшы. Мінеки, бұл бойынша біраз адамдарға айтқанмын, сметалық құжат дайындалып жатыр екен. Естіген жұрттан ұят», — деді ОҚО әкімі.

«Қазір өзімізді-өзіміз қамшылайтын заман. Ешбір мемлекетте сауаттылық біздікіндей 99,9 пайыз емес… Біз «Алма піс, аузыма түс» деп отырамыз. Қолдағы байлықты, барды бағалай білу керек. Әйтпесе барымыздан айырылып, қызықтың көкесі сол кезде болады. Бәріміз бірігіп, туған жерімізді көтерейік» деген аймақ басшысы Түркияда қызмет еткен жылдарын еске алып, ол жақта жиналыс дегеннің жоқтығын, себебі әркім өз міндетін бұлжытпай орындайтынын айтты. Ол аз дегендей облыс әкімі аудан, қала әкімдерін мектеп оқушыларына теңеді.

Түймебаев жол бойында дәретханалардың жоқтығына күйінді (фото)

Айта кетейік, Түлкібаста болған Жансейіт Түймебаев бірқатар нысандарды аралап, жергілікті өнімдермен танысты. Мұнан соң Тәуелсіздіктің 25 жылдығына пайдалануға берілгелі отырған Майлыкент ауылдық округіндегі 600 орындық мектепті аралап, білім ұясының ауласына ағаш отырғызды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »