Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда «ұлт көсеміне» тіл тигізгендер бес жыл түрмеге қамалатын болды

newstaraz.kz

Эмомали Рахмон. Фото: Риа Новости

Тәжікстан президенті «ұлт көсеміне» тіл тигізушіні жазалау заңына түзету енгізу жобасына қол қойды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Тәжікстан парламентіне жөнелтілетін осы жоба бойынша, ақпарат құралдары мен ғаламтор кеңістігінде осы елдің президентіне тіл тигізетін адамдар бес жыл бас бостандықтарынан айрылатын болады. Осы жоба бекітілген жағдайда Тәжікстанның сот мекемелері президентке тіл тигізуші кісілерді қамау жазасының орнына оларды қаржылай айып төлетіп те жазалай алады.

Похожие статьи

Еске салатын болсақ, былтыр ғана желтоқсан айында Тәжік парламенті президент Эмомали Рахмонға «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заң жобасын мақұлдады. Онда Рахмонды сотқа тартуға болмайтыны жазылған. Бұл заң бойынша Кеңес Одағы құлағалы (1991 жыл – ред.) Тәжікстан билігін ешкімге бермей келе жатқан 63 жастағы бұрынғы совхоз (кеңестік шаруашылық фермасы – ред.) директорының отбасы мүшелері де қорғалады.

Яғни, Рахмон әулетінің мүшелері мен олардың мүліктеріне тиісуге болмайды. Сондай-ақ, биылғы жылдың 23 мамырында Тәжіктер Эмомали Рахмонның өмір бойы президент болуын дауысқа салып референдум өткізген болатын. Оған сәйкес, Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап 94,5 пайыз сайлаушы дауыс берген.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »