Новости на Newstaraz.

Танк экипаждары шеберліктерін шыңдады

newstaraz.kz

Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің танкистері жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында Т-72 танк қаруынан мергендік шеберліктерін жетілдіріп, штаттық снарядтан атыс өткізді.

 

Әскери қызметшілер далалық шығыстағы күрделі ауа райы жағдайларына қарамастан штаттық қарулардан атыс жүргізу машықтарын арттырып, тәжірибелік дағдыларды жинақтап, әрбір экипаж жаттығу іс-қимылының мәні мен тәртібін нақты көрсетті. Жаттығу барысында танк экипаждары 1400-1700 метр ара қашықтықта орналасқан танк нысаналарын жойып, сонымен қатар, оқшашардан оқ жаудырып, 700 метр қашықтықта жылжымалы автомобиль, серпілмейтін зеңбірек пен 400-ден 600 метрге дейінгі қашықтықта орналасқан қарсыластың танкіне қарсы қол гранататқыш нысаналарын жойды.

Нысаналар атыс барысында жаттығу ережесіне сәйкес, қысқа уақытқа пайда болады, бұл танкистерден атыс кезінде жедел реакция мен дәлдікті талап етеді. Сондай-ақ, штаттық қару-жарақтан ату және отты басқаруды ұйымдастыруда экипаж құрамының іс-әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты.

Әскери қызметшілер атыс алаңына жіберілмес бұрын, алдын ала олар қарудың материалдық бөлігін, қауіпсіздік шараларын, атысты орындау тәртібі мен атыс даярлығы бойынша нормативтерді арнайы оқу орындарында шыңдады.

«Штаттық снарядтан оқ атуларды өткізудің басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, штаттық қару-жарақтан олардың оқ ату шеберліктерін жетілдіру және экипаж құрамының атыс кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау болып табылады. Жеке құрам өздеріне жүктелген міндеттемелерін жоғары деңгейде орындап, жақсы нәтижелер көрсетті», — деп түсіндірді батальон командирі майор Руслан Қожағалиев.

Оқ атулардың қорытындысы бойынша 1-ші танкті ротасының командирі капитан Нұрсултан Усеновтың жеке құрамы, яғни, танк командирлері аға лейтенант Қазыбек Әбенов пен сержант Ержан Мекебаевтың экипаждары үздік нәтижелер көрсетті. Олар барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық нысаналарға дөп тигізді.

Айта кетсек, танк әскері жойқын қаруымен, айрықша шапшаңдығымен және сауытты қорғанысымен ерекшеленеді. Осындай күрделі техниканы үздік игерген 35748 әскери бөлімінің танкішілері жыл сайын өтетін Халықаралық Армия ойындарында Қарулы Күштердің үздік қатарына кіріп, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың абыройын асқақтатып келеді.

пресс-служба Шымкентского гарнизона
Министерства обороны Республики Казахстан
контактные телефоны: 87781475425
                                       87472093922 (what’s app)
newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »