Новости на Newstaraz.

Танымал сазгер тойға 120 адамнан артық қонақ шақырмауды сұраған ОҚО прокурорын састырды

newstaraz.kz
Фото: ult.kz

Тойға шақыратын қонақтардың тізімі 120 дан аспасын. Аста-төк той жасауды құптамаған облыс прокуроры осындай пікірімен бөлісті деп хабарлайды ТВК арнасы.

Ал, күлдіремін деп бүлдіретін асабалар үшін көркемдік кеңес құрудың уақыты жетті деп отыр оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері. Бизнеске айналған бүгінгі беташарларды сынаған үлкендер жағы, салт дәстүріміздің сұйылғанына алаңдады.

«Ырыс алды – ынтымақ» форумына жиналғандар қазақ тойындағы көптеген олқылықтарды сынға алды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов тойға кешігіп келетін қазақтарға өкпесін жайып салды.

Похожие статьи

«Ең бірінші сорақылық — тойға кешігіп келетініміз. Есіл  уақыт босқа кететінін ескермейміз. Бүгінде тойға келетін қазақтар 1 жарым немесе 2 сағатқа кешігіп келеді. Кешігіп келгенімен қоймай, той тарқамай жатып үйлеріне қайтып кетеді», — дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Сондай-ақ, форум барысында той кезінде жалаңаш қыздардың билеуі, даяшы жас қыздардың арақ құйып беруі, орынсыз әзілдейтін асабалар мен жас келіннің торт кесіп, кейін оны қайын атасына жегізуі де сөз болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының бас прокуроры Ибраһим Иманов болса, тойға келетін қонақтар санын 120-дан асырмауды сұрап отыр. Бірақ, прокурордың бұл ойымен көпшілік келіспейтін болып шықты. Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі мұндай шектеудің оңтүстік халқына да, жалпы қазаққа да келмейтінін айтады.

«Тойға адам санын қысқарту оңтүстікке келе қоймайды. Ол әркімнің жеке құқығы. Егер сен мың адам шақырсаң, ол сенің беделің. Мысалға, бір қазақ отбасының 10 баласы бар, ал әулеттің үлкені 7 ағайынды. Осының бәрі 500 адам шығады ғой! Ал егер бір құданы шақырмасаң, ертең үйдегі келін ашуланып кетіп қалуы мүмкін»,  — дейді композитор.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »