Новости на Newstaraz.

Танымал түрік әншісі қазақ қыздарынан тоқал алғысы келетінін айтып, ағынан жарылды

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Танымал түрік әншісі Бурай қазақ қыздарынан тоқал алғысы келетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жуырда Алматының төрінде дүркіреп өткен «Жылдың үздік әні» ән байқауына түрік әншісі Бурай да келіп, Төреғалимен және Қайратпен дуэт айтқан болатын. Бұл тұста түрік әншісі қазақ қыздарына деген көзқарасы ерекше екенін білдіріп қойды.

Алматыға алғаш рет аяқ басып отырған түрік әншісі қазақ қыздарының сұлулығына тәнті болғанын жасырмады.

«Алматыға келе сала көзім түскені — қазақ қыздарының сұлулығы. Бұрын да достарым қазақтың қыздары өте әдемі деп жиі айтатын. Осы жолы соған көзім жетті», — дейді әнші.

«Негізі менің бала-шағам, сүйген жарым бар. Бірақ, қазақ қыздарына ғашық болғаным сонша, олардың бірін тоқал етіп алсам деген арам ой да келді.

Сіздерде төрт әйелге дейін алуға болады екен. Мен де қазақ қызын тоқал ретінде Түркияға алып кетсем, арман жоқ қой, шіркін», — деген ол көксегенін айтып салды.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »