Таразда үш адам газға уланып, мерт болды
Оқиға Олжабаева көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болды.
Таразда төрт адам газға уланып, үшеуі қайтыс болды, деп хабарлайды Хабар 24.
Біреуі қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға Олжабаева көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үйдегі табиғи газбен жанатын моншада ақау болған. Айта кету керек, жылыту маусымы басталғалы бері өңірде 21 адам зардап шеккен. Оның 14-і ауруханаға түсіп, 6-ы қайтыс болған.