Новости на Newstaraz.

Жеген тағамымыз дәрі, дәріміз тағам болсын!

0 9

1 .Тұрып (редька)-бүйрек пен қуықтың тасы мен құмын түсіреді, қолқа, өкпе қабынуын, құрт ауруын, ағзаға қан кетуін (кровоизлияние) емдейді, зәр және өт айдайды. Бала емізетін әйелдің сүтін көбейтеді.

2.Рауғаш (ревень)- асқазақ, ішек ауруларын емдейді, іш кебу мен іш қатқанда пайдаланылады.

3. Аскөк (петрушка)-қандағы гемоглабинді қалыпты жағдайға келтіреді, қызыл иектің қанауын тоқтатады, бүйрек, ішек қабынуы, еркектердің қуық асты безінің қабынуы, көз ауруларын емдеуде пайдаланады. Және жәндіктер шаққанда, адамның күшін қалпына келтіруге қажет.

4. Шалғам (редис) – балалар диатезінде (түнге қарай қабылдау) есекжемде (аллергия) көмектеседі, қан азайғанда, әлсіздікте, жөтелде, жәіне тамағы қырылдағанда ем.Поливитаминді өсімдік.

5.Сәбіз- бүйрек тасы мен құмын түсіруге көмек. Көтеу (геморрой), күйік шалғанды, үсігенді, көз ауру, ойық жаралар мен жарақаттарды емдеуге қажет.
6.Қырыққабат, орамжапырақ (капуста)-сарғайғанда (желтуха), жөтел қысқанда, өкпе сырылдағанда, іш қатқанда, подаграда, ұйқы қашқанда, асқазан және ішектің ойық жарасын ( язва желудка и кишечника) семіздіктен арылуға, сусамыр ауруына ем.

7.Қызанақ (томат) – жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрекке тас жиналғанда, жыныс мүшелері қабынғанда, жарақат алғанда, дәрумендер жетіспеушілігін емдеу.

8. Қияр (огурцы) – семіздіктен, бауыр, бүйрек, ас қорыту мүшелері қабынуы, ағзадан қалдықтарды шығаруға көмектеседі.

9 Асбұршақ (фасоль) – сусамыр, қан қысымы жоғары, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады, табиғи антибиотик.

10. Асқабақ (тыква) – күйік шалғанда, іш қатқанда, есекжемде, ал тұқымын іш құртын түсіруде ем.

11. Қызылша (свекла) – іш қатқанда, құрқұлақ, дегене (цинга) ауруларын емдеуге, қан қысымы жоғарылағанда, қан аздықта пайдаланылады. Құрамында С дәрумені мен каротиндер көп.

12.Қаракөз (бархатцы)қабынуға қарсы, зәр және өт айдайтын қасиетке ие.
13. Шайқурай (зверобой) – тыныс алу жүйесі қабынғанда (өкпе, қолқа), бастың сақинасы ұстағанда, қан қысымы жоғарылағанда, есекжемде, асқазан, ішек қабынуына ем.

14. Сарымсақ (чеснок) – қан қысымы жоғарылағанда, атеросклероз, қолқа қабынғанда,бауыр, өт жолдары ауырыына, шашты нығайтуға пайдаланылады.

15. Түймедақ (ромашка (дәрілік) – бауыр, бүйрек, тамақ, асқазан ойығы, буын қабынғанға ем.

16.Қымыздық (щавель) – дәрумендерге бай (поливитаминное средство).

 

Рабига Сыргабаева

 

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.