Татарстан мектептегі қарулы шабуыл құрбандарын аза тұтып жатыр
Татарстан тұрғындары Қазан қаласындағы №175 гимназияға жасалған қарулы шабуыл құрбандарын аза тұтып жатыр. Тоғыз адам оққа ұшты. 20 адам жараланды, олардың сегізінің жағдайы нашар.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мектепке шабуыл жасаған 19 жастағы Ильназ Галявиев ұсталды. Татарстанның тергеу комитеті оның үстінен қылмыстық іс қозғады.
Ресейдің Қызыл крест ұйымы Қазандағы мектептегі шабуылда зардап шеккендерге көмек қоры ашылғанын хабарлады.
Бұның алдында Татарстан билігі оққа ұшқандардың отбасыларына миллион рубльден, жараланғандарға 200-400 мың рубльден беретінін айтқан.
newstaraz.kz