Новости на Newstaraz.

Теміртауда тұрғын үйдегі жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды

newstaraz.kz

Теміртауда тұрғын үйдегі жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды

Теміртауда көп қабатты тұрғын үйде газ жарылып, ғимараттың шағын бөлігі қирады. Зардап шеккендер бар. «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқиға орнында Теміртау қаласы полициясының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бұл жөнінде Қарағанды облысы полиция департаменті хабарлады.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы үш адамның зардап шеккенін хабарлады. Бұған дейін Теміртау қаласы төтенше жағдай басқармасының бастығы Нұрмұхамед Интуев төрт адамның зардап шеккенін айтқан. Бірақ кейін денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендер үшеу екенін нақтылады.

—Үш адам зардап шеккен. Бір пациент ауруханада жатыр. Аяғының сол жағы ауыратынын айтты және басында жараға шағымданды. Екі пациент амбулаторлық емдеуден кейін үйлеріне жіберілді, – деді облыстың денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Азаттыққа.

Теміртау билігі жарылыс болған үй иелерімен кездесіп, оларға пәтерлерін қалпына келтіруге және уақытша баспана табу мәселесінде көмек беруге уәде берді.

16 тамызда Теміртауда көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болған. Бөлме арасындағы қабырғалар мен екінші және үшінші қабат арасындағы жабын тақта бұзылған. Бірнеше пәтер бүлінген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »