Новости на Newstaraz.

Теміртаудың ғарыштан түсірілген фотосуреттері ғалымдарды шошытты

newstaraz.kz

Бұл фотосуреттер ғарыштан 7-ші қаңтарда таңертең түсірілген.

Қара күйе жамылған Теміртаудың ғарыштан түсірілген фотосуреттері пайда болды. Ғалымдардың осыдан кейінгі пайымы бойынша, қаланы басқан қою түтіннің метталургиялық комбинаттан шығып жатқанына еш күмән жоқ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл фотосуреттер ғарыштан 7-ші қаңтарда таңертең түсірілген. Кадрларда жаңа жауған қардың сәл уақытта ақ-қара түске енгенін байқауға болады. Тәуелсіз экологтар қаланы комбинаттың түтіні басып жатқанын бірауыздан айтып отыр.

Похожие статьи

Дегенмен, қазір экология басқармасы мен «Қазгидромет» өкілдері қара күйенің қайдан келгенін әлі анықтап жатыр. Бүгін олар Теміраудың 5 бірдей жерінде ауадағы күкіртті сутек құрамының қалыптан асқанын мәлімдеді. Ал қорытынды нәтижелер 10 күннен кейін дайын болады.

Естеріңізге салсақ, қаңтардың басында қала тұрғындарының арызынан кейін Теміртау билігі экология басқармасына хат жолдаған.

Сол хатқа байланысты қазір жоспардан тыс тексерістер жүріп жатыр. Дегенмен, осы шаһардағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы ауаны ластайтын түтінге бақылауды күшейткенін және соңғы 20 жылда қоршаған ортаға шығатын лас қалдықтардың 3 есеге азайғанын айтып, өздеріне шаң жуытар емес.

Автор: Саят Сабдалы

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »