Новости на Newstaraz.

ТЕРРОРИСТЕР ЕЛІМІЗДЕ КӨП ДЕЙДІ…

newstaraz.kz

Елімізде 20 мың экстремизмді жақтаушы тұрады. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш едәуір өскен. Бабаларының ұстанған жолынан бас тартқан  балаларының мәселесі арнайы ұйымдастырылған жиындарда әлсін-әлсін  көтеріліп тұрады. Жаңағы бір ауданның тұрғынындай адасқандардың ішінде дін үшін деп соғысып келіп, сотталып жатқандар да бар. Экстремистік діни ағымды ұстанатындардың басым бөлігі қай өңірде тұрады? Қауіп бар ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Террористер елімізде көп дейді, олар неге түзу жолға өтпейді? Аз ғана мағлұмат. 2013 жылдан бастап қазақстандық экстремистер Сирияға одан қалды Иракқа ағыла бастаған. Дін үшін соғыс деген ұранмен 800 отандасымыз шекара асыпты. Жартысы өлген, бір бөлігі қайтарылыпты.

СЕРГЕЙ ШВЕЙКИН, ҚР ҰҚК АНТИТЕРРОРИСТІК ОРТАЛЫҚ ШТАБЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Біздің есебіміз бойынша бұл күнде Қазақстанда теріс діни ағымдардың соңынан ергендердің саны 20 мыңнан асты.  Олардың ең көп шоғырланған өңірлердің қатарына  Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары кіріп отыр. Сондықтан, біздің мақсат аталған елді мекендерде діни ахуалды жақсарту».

Дінтанушы, халықаралық  деңгейдегі сарапшы Айнұр Әбдірасылқызы
2016 жылғы деректе теріс діни ағымның жетегінде жүргендердің саны шамамен 17 мыңнан асқанын айтады. Енді сұрақ, 3 жылда олардың саны артты ма, әлде ел ішінде жүрген экстермистерді анықтау күшейді ме?

АЙНҰР ӘБДІРАСЫЛҚЫЗЫ, ДІНТАНУШЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ДЕҢГЕЙДЕГІ САРАПШЫ
«Қазіргі кезеңде экстремистердің саны артып жатыр дегеннен көрі олардың ресми түрде анықталғаны, ресми түрде тіркелгендерінің саны арта түсіт деп айту шындыққа жақынырақ деп ойлар едім. Әрине ол өз ішінде тереңдеп жатуы мүмкін, отбасылық деңгейде тереңдеуі мүмкін. Бірақ дәл қазір олар қарқын алып өсіп жатыр деуге негіз жоқ».

«Жусан» операциясы жайында жақсы білесіздер. Сол шараның шеңберінде 595 азамат елге жеткізілген болатын. Олардың бір бөлігі елордада сот алдында жауап беруде. Оларға тағылған айыптың өзін сағаттап оқуға болады.

ЕДІЛ МҰРАТ, ПРОКУРОР:
«Игерген арнайы дайындықты іс жүзінде қолдана отырып, 2012-13 жылдары аралығында Сирия аумағына аттанғанға дейін «Союз исламского джихада» террористік тобының құрамында Ауғаныстан әскери күштеріне қарсы ұйымдастырылған террористік әрекеттеріне белсенді түрде қатысып келген».

Әрине, ел қауіпсіздігі үшін мемлекет теріс ағымдағы азаматтарды анықтап, заңды бұзса жауапқа тартуға міндетті әрі мәжбүрлі. Бірақ, бәрін мемлекетке әкеліп тіреп қою да дұрыс емес, дейді депутат.

БЕЙБІТ МАМЫРАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
«Бұл отбасы, тәрбие жалпы қоғамдағы білім беру жүйесі, тәрбие беру жүйесі, рухани құндылықтардың кейбір жағдайда осалдығы. Біз қоғамда демократия, демократия дейміз. Ал, демократия менің ұғымым бойынша ол жауапкершілік. Әр адамның жауапкершілігі».

Жалғыз баласының Сирия, Ирак не Ауғанстанға қолдан жасалған соғысқа аттанғанын айтып, көз жасын көлдей қылып отырған ата-ана көп. Ұрпағы бұл өмірде бар-жоғынан да хабарсыз. Осы ретте тәжірибелі мамандар экстремизммен күрестен көрі оны алдын алған анағұрлым дұрыс деген пікірде.

АЙНҰР ӘБДІРАСЫЛҚЫЗЫ, ДІНТАНУШЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ДЕҢГЕЙДЕГІ САРАПШЫ
«Балаңыздың эстремистік ағымның ықпалына түспеуі үшін сіз не істедіңіз деп  кез келген ата-анадан сұрар едім. Қанша ертегі оқыттыңыз? Қанша ертегі айтып бердіңіз? Қанша өлең жаттаттыңыз балаңызға? Қанша салт дәстүрді үйреттіңіз? Қаншалықты сіз оны ұлттық таныммен, ұлттық болмыспен өсірдіңіз? Әлде мұның бәрін мемлекет жасауы керек пе еді?! Бала мемлекеттікі емес қой. Бала өзіңіздікі».

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің полковнигі елімізде 20 мыңнан астам экстремизмді жақтаушы тұратынын ресми жиында ашық айтты. Әзірге олардың санының күрт өсіп кетуімен күресіп жатыр екен. Осы ретте адасқандарды жөнге келтіру бағытында Дін істері комитеті не істеп жатыр екен деп қоңырау шалдық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихатты күшейткен болар деп ол мекемеден де жөн сұрастық. Ләм-лим деп ауыз ашпай қос мекеме де жауап беруден жалтарды. Біз экстремизммен осылай күресеміз.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »