Новости на Newstaraz.

Тежеуіш майынан уланған мысық арақ ішіп есін жиды

0

Мысық. Фото: Gazete Karınca

Ұлыбританияның астанасы Лондонда тежеуіш сұйықтығын жалап уланған мысықты арақ құтқарды. Бұл туралы En son haber дереккөзіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.

Лондон тұрғыны Тереза Коррейра Марияның «Ханзада» есімді 7 жасындағы мысығы аулаға төгіліп, кейін үстіне жұққан техникалық майды жалап уланған. Ветеринариялық ауруханаға ес-түзсіз жеткізілген мысықтың өміріне араша түсу үшін мал дәрігері жақын маңдағы дүкеннен алкоголь ішімдігі – арақты сатып алған.

Әдетте хайуанаттар үшін өте қауіпті саналатын алкоголь ішімдіктерін уланғаннан кейін қолданатын болса, этиленгликольге қарсы у қайтарғы ретінде әсер ететіні белгілі. 24 сағат бойы қарқынды терапия бөлімінде жатқан Ханзада есін жиды.

«Хайуандарға ешқашан да алкоголь ішімдіктерін беруге болмайды. Бірақ Ханзаданы құтқару жолында бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз еді», — дейді мал дәрігері Хизер Лох

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.