Новости на Newstaraz.

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізіп, Ресейдегі жағдайды «ішкі мәселесі» деді

newstaraz.kz

Тоқаев жексенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Көрші Ресейде бір күн бұрын болған “қарулы бүлік” Ақорданың айтуынша, “Ресейдің ішкі мәселесі екеніне қарамастан” Қазақстан азаматтарын да алаңдатқан.

“Мемлекет басшысы әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі келісімді құптады” деп жазды президенттің баспасөз қызметі.

“Жиында еліміздің қаржы-экономикалық тұрақтылығын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екені атап өтілді. Президент барлық ведомство басшыларына дағдарыс жағдайындағы ықтимал қатерлерге қарсы әрекет етуге дайын болуды тапсырды” деп жазылған хабарламада.

Ресейде «Вагнер» жетекшісі Евгений Пригожиннің қорғаныс министрлігінің басшыларымен текетіресі осы апта соңында «қарулы бүлікке» ұласқан. Сенбі күні Мәскеуге жорық жасап, Ресей астанасына жүздеген шақырым қалғанда Пригожинмен «келісім жасалып», оның кері қайтуға келіскені хабарланды. Оған қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Тараптар арасындағы келісімге қарағанда, «қарулы бүлікке» қатысқан «Вагнер» әскері де жазаланбайды. Евгений Пригожиннің өзі Беларуське кететіні хабарланды. Онда немен айналысатыны белгісіз. Кремльдің хатшысы Дмитрий Песков Пригожинге қозғалған қылмыстық іс қандай негізде жабылғанын айтпады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »