Новости на Newstaraz.

Тоқаев конституциялық сот туралы заңға қол қойды

newstaraz.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қарашада бірнеше заңға жария түрде қол қойды. Атап айтқанда, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта жұмысын бастайтын конституциялық сот туралы заңға қол қойды.

Биліктің айтуынша, аталған сотқа «барлық азамат шағым түсіре алады». Бұған қоса, прокуратура және омбудсмен, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін, мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты бірқатар түзетулерге қол қойды.

Ақорданың жазуынша, бұл биыл маусымдағы Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу жөнінде өткен референдумнан кейін қабылданып отырған заңдар.

5 қарашада заңдарға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген Тоқаев референдум нәтижесінде «билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыру» және «мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашу мүмкіндігі» туды, » адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайды» деді.

Ол Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі алғаш рет конституциялық заң деңгейінде бекітіліп отырғанын, бас прокуратураның да құқық қорғау функциясы күшейгенін атап өтті.

Ақорданың жазуынша, «енді мәжіліс пен облыстық мәслихат депуттарының бір бөлігі, аудандық мәслихат депутаттарының барлығы бір мандатты округ бойынша сайланады». Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері де сайланады.

«Бұл – ауыл әкімдерін сайлаудың логикалық жалғасы әрі мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыруға ұмтылысымыздың нақты айғағы» деді Тоқаев.

Қазақстанда ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы былтыр өткен. Ауыл әкімін тіке сайлауды билік демократияға жаңа қадамның бір көрінісі деп атаған. Алайда сайлау нәтижесі бойынша аймақтардың басым бөлігінде ауыл әкіміне «Нұр Отан» (биыл «Аманат» болып өзгерді) партиясының мүшелері сайланды. Ауыл әкімдерінің көбі бұрынғы қызметіне қайта отырған.

Биыл Конституцияға екі рет өзгерістер енгізілді. Сарапшылар Конституцияға енгізілген өзгерістер екі жағдайда да Тоқаевтың билігін күшейтуге бағытталған деген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »