Новости на Newstaraz.

Тоқаев «референдум арқылы билігін созбайтынын» айтады

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым Алматыда өткен Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығы шарасында билігін «референдум арқылы созбайтынын, президенттік мерзімін жоймайтынын» айтты.

«Менен ел ішінде және шетелден мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімін соза ма, президенттік мерзімін жоя ма деп қояды. Жауап берейін: ондай ойым болмаған және болмайды да» деді ол.

Қазақстан басшысы бұл сөзін 5 маусымда өтетін Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум қарсаңында айтты. Тоқаев Қазақстанда Конституцияны өзгерту бойынша референдум алғаш рет өтетінін атап өтті. Елде бұған дейін референдумдар елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билігін созу үшін ғана өткізілген еді.

Қазіргі Конституцияға сай, елде бір адам бес жылдан тек екі рет президенттікке сайланады. Тоқаев 2019 жылы 9 маусымда өткен уақытынан бұрын президент сайлауында 70 пайыздан артық дауыс жинап, президент болып сайланған. Оның алғашқы президенттік мерзімі 2024 жылы аяқталады.

Елді отыз жылдай басқарған Назарбаев та билігінің алғашқы жылдары «мерзімінен артық отырмайтынын», «туыстары билікке араласпайтынын» айтқан еді. Бірақ ол референдум және мерзімінен бұрын сайлау өткізу арқылы билігін бірнеше рет созып алған. Назарбаев билігі тұсында оның отбасы мен жақындары елдегі ең бай адамдардың біріне айналды.

5 маусымда Қазақстан конституциясына енгізілетін өзгерістер бүкілхалықтық референдумға шығарылады. Көптеген сарапшылар «референдум мәселесі қоғамда жеткілікті талқыланбады, билік өзіне ыңғайлы нұсқаны жасады» деп сынайды, Қазақстан билігі «конституцияға референдум арқылы енетін өзгерістер саяси реформаның бастауы» деп есептейді.

Жаңа өзгерістерде Конституциядан Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі алынады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »