Новости на Newstaraz.

Тони Блэр Қазақстан билігіне кеңес бергені үшін қанша алды?

newstaraz.kz

Шетелдік ақпарат құралдары британдық саясаткер Тони Блэрдің Қазақстан билігіне кеңес беруден тапқан қаржысын санап шықты деп  хабарлайды oinet.kz.

The Times-тың хабарлауынша, Тони Блэрдің «Tony Blair Associates» консолтингтік компаниясы қазақ үкіметінен 2014 жылы өз қызметі үшін 6,3 млн доллар сұраған.

«Тони Блэр Қазақстан президентіне кеңес бергені үшін жылына 5 млн фунт стерлингтен астам қаржы талап етіп отыр. Мистер Блэрдің компаниясы миллиондаған фунт стерлингтерді қазақстандық үкіметке және ел президентіне соңғы алты жылда кеңестік қызмет ете отырып тапты», — делінген британдық The Telegraph газетіндегі мақалада. Өз қызметін Тони Блэр 2009 жылы ұсынған екен.

«Қоғамға жария болған құжаттарға қарағанда, мистер Блэр өз қызметін Назарбаевқа алғаш рет 2009 жылы ұсынып келісімдерді бастаған, ал қазақ үкіметімен 2011 жылдан ресми жұмыс істей бастаған. 2014 жылдың соңында келісімшарты  ұзартылған кезде Тони Блэр командасы жалпы құны 6,3 млн доллар болатын бірқатар қызметтерін ұсынған», — делінген басылымда.

Похожие статьи

Сондай-ақ, басылым ақпараты бойынша, қызмет құны жөнінде Tony Blair Associates (TBA) компаниясының лауазымды қызметкерлерінің бірі Андреас Баумгартнер Қазақстанның Лондондағы елшісіне жолдаған электронды хатта 2014 жылдың желтоқсанында айтқан.

ТВА саяси кеңестері үшін 2,65 млн доллар, президентке кеңесі үшін 2,55 млн доллар сұраған. Сондай-ақ, ТВА ҚР Ұлттық банкімен тиімді келісімшарт жасаудан үмітті болған. Жалпы бұл компанияның коммерциялық ұсынысы 8 беттен тұрады екен.

Компания талаптарының ішінде қызметтік көлік пен жүргізуші, аудармашылар, сондай-ақ Тони Блэрдің жеке сапарында жоғары сыныпты қонақ үйлерде тұруы, жолақысы мен тамағы бойынша барлық шығындар қоса толық төленуі талап етілген.

Басылымдағы мәліметтерге жүгінсек, Тони Блэр 2007 жылы Қытай бизнесмендері мен шенеуніктерінің алдында сөйлеген сөздері үшін 200 мың фунт стерлинг табыс тапқан. 2008 жылы Руанда мен Сьерр Леон үкіметі мен президентіне кеңесшілік қызметі үшін 2 млн фунт стерлинг алыпты. 2009 жылы Ливия президенті Муаммар Каддафиге саяси кеңесші болған.

Сондай-ақ, Гвинея, Колумбия, Албания, Вьетнам, Кения сияқты басқа да елдердің президенттері мен үкіметіне кеңесшілік қызмет көрсеткен. Жалпы Тони Блэрдің байлығы, жылжымайтын мүлкін қосқанда 80 млн фунт стерлингті құрайды.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »