Новости на Newstaraz.

Той суреттерімен елді шулатқан Әли Оқапов жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

newstaraz.kz

Али Окапов. фото: Фото: Kazpravda.kz (Марат Кураков)

Той суреттерімен елді шулатқан Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай туралы шындық белгілі болды. Елдің қызу талқысына түскен суреттер туралы Әлидің өзі айтып берді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дәл осы суреттер желіде пайда болған сәтте, ғаламтор қолданушылары отандық шоу-бизнес бойдақтарының саны біреуге кемігенін жарыса жазған-ды. Алайда, күйеу жігіттің кейпіне енген Әли мен қалыңдық көйлегін киген «Асылдық» Ақерке жарнама ролигіндегі кейіпкерлер болып шықты.

Похожие статьи

«Кейіпкерлер ретінде бізді таңдады. Біз өзімізде білген жоқпыз не үшін бізді таңдағанын. Ең біріншіден екеуімзде бойдақ болғанымыз үшін шығар. Екіншіден мүмкін қызық болған шығармыз. Өйткені, қай жерде жүрмесем де той қашан, той қашан деп менің мазамды алып қоймайды да… Жасың 26-ға келіп қалды, болды, жететін шығар дегендей. Барлығы да мені үйлендіргісі келеді», — дейді Әли Оқаповтың өзі.

Әлидің көпшілік тілегін орындағысы келеді-ақ. Бірақ, жүрегі қалаған жанды әлі жолықтырып үлгермеген сері, биыл Оқаповтар әулетіне келін түспейтінін кесіп айтты.

«Өзім де қарсы емеспін негізі. Дайын емеспін немесе әлі жастаумын деп санамаймын. Бірақ, биыл той жоспарланған жоқ», — дейді ол.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »