Тура той алдында жігіті тастап кеткен қалыңдық итіне тұрмысқа шыға салды (фото)
Ромина Питтон «күйеу» итімен. Фото: CEN
Сан-Лоренцо қаласында тойы өтуге бірнеше күн қалған бойжеткенді сүйіктісі тастап кеткен. Жігіт бұл әрекетін бойжеткенге сенбейтіндігімен түсіндірді. Айтуынша, Ромина оның көзіне шөп салған. Алайда сөзін дәлелдей алмаған азамат ақыры Роминаға үйленбеуді ұйғарады.
Ал тойына ерекше ынтамен дайындалған бойжеткен іс-шараны күйеу жігітсіз-ақ өткізуге бел буды. Күйеу жігіттің рөлін тойда оның сүйікті ұрғашы иті сомдады. Осылайша оғаш тойының фотоларымен бөліскен ару желіде қызу талқыға түскен.
Желі қоллданушыларының бірі бойжеткеннің «таңдауы керемет» екенін айтып әзілдеп үлгерді.