Новости на Newstaraz.

Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы мұраға 1 млн доллар алып, оны армияға берді

newstaraz.kz

Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Валерий Залужный қаңтарда украин ұлтының тумасы америкалықтан бір млн доллар мұраға алып, оны армия қажетіне берді. Осылай деп The New York Times басылымы жазды.

Басылым мәліметінше, АҚШ азаматы Грегори Степанец Залужныйға мұра қалдырған. The New York Times басылымы оның Залужныймен қандай да бір туысқандық қарым-қатынасы болған, болмағаны жайлы жазбайды. Тек мұра қалдырушы ақшаны армия қажетіне беруді сұраған.

Украина Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы ақшаның қайырымдылық ретінде берілгенін растады.

The New York Times Украинаның Ұлттық банкіне сілтеме жасап, былтыр АҚШ азаматтары Украинаға жалпы сомасы 22 млрд гривен немесе 500 млн долларды көмек ретінде берген.

«Вернись живым» және Сергей Притула қоры украина армиясына 200 млн доллар жинап берген.

«Суспільне» сауалнамасына сәйкес, украиндықтардың төрттен бірі армияға көмек ретінде ақша жіберген.

Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін, Ресейдің бас прокуратурасы Укрина армиясын қайырымдылық ретінде қаржыландыру мемлекетке сатқындық жасағанмен тең болып, 20 жылға дейін түрме жазасына кесілетінін ескерткен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »