Новости на Newstaraz.

Украина Тоқаевтың Қырым жайлы пікіріне байланысты Қазақстанға демарш жолдайды

newstaraz.kz

Украина Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына қатты алаңдап отыр. 4 желтоқсанда Украинаның сыртқы істер министрлігінің спикері Екатерина Зеленко жариялаған мәлімдемеде осылай деп жазылған.

«Украина Қазақстанды әрдайым әріптес әрі дос санаған. Қазақстан президентінің ЕҚЫҰ-ның министрлер жиыны қарсаңында солай деп айтқаны өте өкінішті, себебі бұл ұйымға екі мемлекет те мүше және Хельсинки қорытынды актісіне сәйкес, оның негізгі принциптерінің бірі — өзге мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу. Қазақстан жағына демарш жасалады» деді ол.

Жақында Тоқаев DW тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Қырымдағы жағдайды аннексия (2014 жылы Ресей Украинаның Қырым аймағында референдум өткізіп, түбекті аннексиялап алған — ред.) деп атамайтынын жеткізген еді.

— Болған іс болды. Аннексия — Қырымға қатысты қолдануға тым ауыр сөз. Қырымда болған жағдайға қатысты бізде ешқандай қорқыныш болған жоқ. Себебі біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы, — деді Тоқаев.

Dialog.ua сайтының жазуынша, Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанын сынаған Украинаның кейбір тұрғындары Қазақстан президентін «Украинаның территориялық тұтастығын құрметтемей, достық жайлы келісімді және халықаралық-құқықтық нормаларды бұзды» деп айыптаған. Ал Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттігі РИА Новости хабарлауынша, Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Наталья Поклонская Тоқаевтың айтқанын «батылдық» деп бағалаған.

2014 жылы көктемде Ресей Украина құрамындағы Қырым түбегін аннексиялап алған еді. Наурыздың 16-сында Ресей Қырымда «референдум» өткізіп, түбекті өз аумағына қосқан. Халықаралық құқық нормаларына сай келмеген бұл шешімді Украина да, әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі де құптамай, айыптаған.

Қазақстан ресми түрде Қырымды Ресей аумағының бөлігі деп таныған жоқ, бірақ бұл мәселе халықаралық деңгейде талқыланғанда көбіне Ресейді қолдап шықты.

2014 жылы көктемде БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен қабылдағанда Қазақстан қалыс қалды.

2016 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында Украина ұсынған Қырымға қатысты қарарға Астана қарсы дауыс берді, бірақ «дауысымыз Қырым мәртебесіне байланысты ұстанымымызды білдірмейді» деді. Ақорда осылайша бірде қалыс қалу, бірде Ресейді қолдау саясатын әлі жалғастырып келеді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »