Новости на Newstaraz.

Әйгілі кореялық поп жұлдыз қазақша сөйлеп, жұртты өзіне қаратты (фото, видео)

newstaraz.kz
Фото Субиннің желі парақшасынан алынды

Танымал корейлік Dal Shabet тобының орындаушысы Субин қазақ тілінде Қазақстанға сәлем жолдады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әнші Қазақстанда концерт бергеннен кейін, елімізге деген ыстық ықыласын осылайша жеткізуді ұйғарған. Субин Instagram желісіндегі парақшасында «Қазақстан көріскенше, сені ешқашан ұмытпаймын» деген жазба қалдырған.

«Сәлем Астана, менің атым Субин. Мен танысқаныма қуаныштымын. Сіздер әдімісіздер, өте күшті. Рақмет», — дейді Субин видеода.

Фото Субиннің желі парақшасынан алынды

Мұны көрген қазақтілді тыңдармандар қуаныштарын жасыра алмай, жағымды пікірлер жаудырған.

«Тіліңнен айналып кетейін», «Рахмет, сізге. Қазақша жақсы сөйлейді екенсіз», «Қандай керемет», — деп жазған желі қолданушылары Субинге.

Похожие статьи

Фото Субиннің желі парақшасынан алынды

Ал шетелдік сайттар болса, корейлік әншінің қазақ тілінде сөйлегеніне таңырқаған.

«Кореяның поп жұлдыздары ағылшын, жапон немесе қытай тілінде сөйлесе, таң қалмаймыз. Алайда қазақша сөйлеп тұрғаны өте сирек жағдай, тіпті ешқашан көрген емеспіз», — деп жазған asianjunkie.com сайты.

 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »