Новости на Newstaraz.

Қырғыз азаматы қазақ шекарасындағы қазықтарды ұрламақ болған

0

Қазақстанның Қырғызстанмен шектесетін бөлігіндегі шекара қазықтарын ұрламақ болған қырғыз азаматы қолға түсті

деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасаған sn.kz.

«Тараз» шекара отрядының «Гродеково» шекара заставасының аумағында, заставадан 18 км қашықтықта, Мемлекеттік шекара сызығының жанынан шекара наряды шекаралық қоршаудың темір қазықтарын ұрламақ болып жүрген жерінен бір қырғыз азаматын қолға түсірді. Тағы екі салт атты адам көрші елдің аумағына ішкерілей қашып үлгерді», — делінген аталған хабарламада.

Ешқандай құжаты жоқ азамат өзін 1967 жылы туған қырғызстандықпын деп таныстырды.  Оның іс-әрекеті ҚР Қылмыс кодексінің 392 бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, құқық қорғау орындарына берілді.

 


 

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.