Новости на Newstaraz.

Қырғыз депутаттары президенттің айыр қалпақ киіп жүруін заңмен міндеттегісі келеді

newstaraz.kz

Қырғызстан парламентінің депутаттары ұлттық бас киім — айыр қалпақты елдің басқа да ұлттық белгілері — мемлекеттік ту, елбаңба және әнұранға теңестіруді ұсынды. Заң жобасы парламент сайтында жарияланды.

Депутаттар президент, парламент төрағасы мен оның орынбасарлары, үкімет басшысы және басқа мемлекет басшыларын ресми қабылдауларда немесе сапарларда айыр қалпақ киіп жүруге міндеттеуді ұсынды. Сол арқылы заң шығарушылар «қырғыз ұлтының мәдени құндылықтарын насихаттағысы» келеді.

Құжатқа сәйкес, халықаралық жарыстарда Қырғызстан атынан шығатын спортшылар да қалпақ киіп жүруге міндетті болады.

Похожие статьи

Үкімет қалпақтарды дайындау, елге әкелу және сатуды шектеуі тиіс, делінген заң жобасында.

Заң авторлары «айыр қалпақты мақсатсыз пайдаланумен» күресуді талап етті. Оған қолданылатын жаза заңда айтылмаған.

Бұған дейін Қырғызстанда жануарларға арналған сән көрсетілімінде итке қалпақ кигізгені үшін дау шыққан еді. Белсенділер бұны қырғыз ұлтының намысына тию, ұлт араздығын тудыру деп қабылдады.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »