Новости на Newstaraz.

Қырғызстан ДСҰ-дан Қазақстанға қарсы шағымын қайтарып алуы мүмкін

newstaraz.kz

Қырғызстан Қазақстанмен шекарадағы жағдайға байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) Қазақстанның үстінен берген шағымын қайтарып алуы мүмкін. Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Толкунбек Абдыгулов хабарлады.

Ол тараптар шекарадағы дауды реттейді деген «жол картасын» іске асыру туралы келісім жасасқанын айтты.

«Бірақ Қырғызстан халықаралық келісімдерге сай өзіне берілген барлық құқығын толық қолданды, ондай құқығы бар және ол күшінде қала береді» деді Абдыгулов.

Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды қазанның 10-ынан бастап күшейтілген режимге көшіргеннен кейін көрші елден Қазақстан аумағына өту қиындап кеткен еді. Астана шекарада тексерудің күшейтілгенін контрабандамен күрес шарасы деп түсіндірген. Бішкек Қазақстан жағы шекарада «қолдан кедергі жасап отыр» деп мәлімдеп, ДСҰ-ға және Еуразия экономикалық одағына шағымданған. 10 қарашада ДСҰ-да Қырғызстанның Қазақстанға шағымы қаралған.

Кей сарапшылар Астананың мұндай шараға баруын сол кездегі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың «Қырғызстанның ішкі ісіне араласып отыр» деп Қазақстан басшылығын сынаған мәлімдемесімен байланыстырған.

30 қарашада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Минскіде кездесіп, шекара мәселесін талқылаған. Кездесуден соң президенттер шекарадағы жағдайды реттейтін «жол картасы» желтоқсанның соңына дейін қабылданатынын хабарлаған. 2 желтоқсанда екі ел үкіметтері «жол картасына» қол қойған. Қырғызстан шекара қызметі кейін қазақстандық шекарашылар 3 желтоқсанға қараған түннен бастап шекарадағы бекеттерде жүк көліктерін өткізуді тездеткенін хабарлаған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »