Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда 72 жастағы әжейді көршісі айуандықпен зорлаған

newstaraz.kz

Қарт әжейді зорлаған. Фото: knews.kg

Қырғызстанның Чу облысы, Арашан ауылында 72 жастағы Галина Сергееваны 35 жастағы көршісі зорлаған деп хабарлайды knews.kg сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қарт әжей бұл туралы «Теңдік коалиция» азаматтық ұйымына айтып берген.

«Мен 72 жастамын, мені көршім зорлап, ойына келгенін істеді. Болған оқиға үшін қатты ұяламын және бұл маған өте ауыр тиді«, — дейді Галина Ахмедовна.

Оның сөзінше, оқиға 2016 жылдың бесінші тамызында орын алған.

«Улан есімді 35 жастағы көршім, Аламудунск АІІБ бұрынғы қызметкері маған бірнеше рет: «Галина апай, сізге жастармен тұру керек», — деп айтқан, мен оны ойыма да алмаппын. Бір күні түннің жарымында ол маған келді. Басында танысым Нюся екен деп, кім екенін сұрамастан қақпаны аштым. Ол бірден мені шашымнан ұстап, басымды бетонға ұрды. Есімнен танып, оянсам ол мені тұншықтырып, тізесімен арқамнан басып тұр. Сөйтіп көршілерге даусым естілмейтін бөлмеге апарып, ойына келгенін істеді. Қатты шок алдым, өлтіріп тастай ма деп ойлағанмын», – деп баяндайды Галина Сергеева.

Похожие статьи

Улан кеткен соң, қарт кісі көмек сұрау үшін көршілеріне барған.

«Бір көршім менімен еріп келіп, үй ішін қарады. Осы уақыт аралығында зорлықшының өзі де келді, киімін де ауыстырып үлгерген. Ол бірден «зорлықшының түрі кімге ұқсайды?» деп сұрады, ол кезде мен көршілеріме мән-жайды айтып үлгермегенмін. Мен: «Саған ұқсайды» дедім. Көршілеріме де шындықты айтуға ұялдым. Түнімен жылап шықтым«, — дейді зорлық құрбаны.

Таңертең Галина Ахмедовна қызына хабарласып, олар милиция шақырған. Зорланған қартты емханаға апарып, сараптама жасатқан.

Сексуалды зорлық болғанын сараптама дәлелдеген. Бірақ, істі жауып тастап, әжейді мерзімінен бұрын емханадан шығарған. Туыстарының атынан түрлі адамдар келіп, ақша ұсынып, арызын қайта алуды сұраған. Кейіннен тергеушілер Галина Ахмедовнаның өзін  психиатрлық сараптамаға жіберген.

Күдіктінің туыстары болса, сол түні Уланның жандарында болғанын растап отырған көрінеді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »