Новости на Newstaraz.

Қытай халқы еліміздің есектеріне көз сүзіп отыр

Есек. Фото: www.speleo.lt

Қытайға әлі ет экспортын ұйымдастырып бітпеген Ауыл шаруашылығы министрлігі, көршілерге есек еті мен терісін де тасымалдаймыз деп отыр. Айтуларынша, Қытай елі қазір есектің етіне аса қызығып отырған көрінеді деп хабарлайды 31 арна.

Ет тасымалы негізінен Қытайдың батысына, яғни мұсылмандар: қазақ пен ұйғыр, дүнгендер шоғырланған жеріне жіберілсе, есек еті мен терісі орталық Қытайға дейін бармақ.

«Қазір Қытай тарапынан есектің еті мен терісіне сұраныс артып отыр. Осыны ескеріп Қазақстанның оңтүстік аймақтарында арнайы шаруашылықтар ашпақпыз. Ол жерлерде арнайы Қытайға экспортталатын есектер өсіріледі», — дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Ал қазақстандық шаруалар тағатсыздана күткен жылқы, сиыр етінің Қытайға экспорты жыл соңында басталады. Қыркүйектің аяғында Қытай инспекциясынан тексерушілердің соңғы легі келіп, шаруашылықтарды шолып шықпақ. Әзірге Қытайға ет шығаруға әзір деп таңдалған кәсіпорындарды көрші ел мақұлдаса, жыл соңына дейін олар тасымалды бастайды.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »