Новости на Newstaraz.

Қытай ҚР-ның ет саласына 5 жылда 200 млн жуық доллар инвестиция салмақшы

newstaraz.kz

Қазір бизнес жоспар жасалып жатыр, ол ұзақ уақыт алмайды.

 

 

Таяу 5 жылда Қытай Қазақстанның ет саласына 200 млн жуық доллар инвестиция салуға ниетті, деп мәлімдеді «Rifa Holding Group» компаниясының басқарма төрағасы Цзе Ву. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

«Біз қазақстандық етке, оның ішінде сиыр етіне қызығушылық танытып отырмыз. Қазақстан — бұл ет өндіретін жер. Қытай әлемдегі ең үлкен ет импорттаушы болып табылады. Ендеше етті неге өзіміздің көршімізден импорттамасқа?», — деді ол тілшілерге Қазақстанның ет және ет өңдеу өнеркәсібінің «KazMeat Astana 2016» I-ші Халықаралық форумы барысында.

«Біз таяу 3-5 жылда ҚР ет саласына 200 млн жуық доллар инвестиция салуды жоспарлап отырмыз», — деді Цзе Ву.

Похожие статьи

Сонымен қатар, ол компания «етті сатып алмайтынын, инвестиция салып, сосын Қытайға импорттайтынын» айтты.

«Біз бірнеше компаниялармен байланыс орнатып, арасынан біреуін таңдадық. Ағымдағы жылдың маусымына дейін аталған мәселені пысықтаймыз Қазір бизнес жоспар жасалып жатыр, ол ұзақ уақыт алмайды», — деді қытай компаниясы басқармасының басшысы.

Айта кетер болсақ, «KazMeatAstana 2016» форумы Қазақстанның ет өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу өндірісінің өкілдеріне халықаралық компаниялардың заманауи техниканы пайдалану арқылы өнімді экспорттауды ұйымдастыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.

Астанадағы «КazMeatAstana-2016» халықаралық форумына 14 елден 300-ге тарта қатысушы келген. Олардың ішінде Қытай, Канада, Италия, Жаңа Зеландия, Түркия елдерінің өкілдері бар.

Форум тәжірибе алмасумен қатар, Қазақстанның азық-түлік өнімдерін халықаралық нарыққа шығарып, елімізді етті экспорттайтын мемлекеттер арасында танымалдылығын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Өткізілген форум шеңберінде «В2В» форматында қазақстандық және шетелдің ірі компания өкілдері арасында іскерлік келіссөздер өтіп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастық және өндірістегі инвестиция тақырыбын талқылады.

Фото:omg.md

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »