Новости на Newstaraz.

Қызыл балық, экзотикалық жемістер: Депутаттар үшін қандай тағам түрлеріне тапсырыс беріледі?

newstaraz.kz

Қазақстан парламентінің депутаттары қандай тамақ жейді?

Skifnews.kz exclusive.kz-ке сілтеме жасап депутаттардың парламент қабырғасында жейтін тағамдарын саралап көрді.

Биыл 19 ақпан күні парламенттің шаруашылық басқармасы депутаттардың бір жылдық тамағына мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы тапсырыс берген болатын. Оның ішінде бір тонна қызыл балық, жүздеген келі шоколад, креветка, көкжидек және экзотикалық жемістер мен өзге де қымбат ас-ауқат түрлері бар. Парламент бұл тағамдарға жай тапсырыс беріп қана қоймаған, сапасының аса жоғары деңгейде болуын талап еткен.

Мәселен, тапсырыс берілген 850 келі ақсерке балығы міндетті түрде аулана салып, мұзға қатырылған болуы керек. Сондай-ақ, аталған балықтың денесінде X деген табиғи таңбаның болуы міндетті. Ал, ұзындығы 1,5 метрден аспауы, салмағы 9-39 келі арасында болуы тиіс. Ас шаянының (креветка) сырты қатты, іші жұмсақ балғын болғаны жөн.

Похожие статьи

Сонымен қатар, тапсырыстағы 1 центнер кілегейдің жұпар иісі болып, өзі аз ғана пастерленуі тиіс. Сүт өнімінде бөтен иіс немесе дәм болмауы керек. Ал, нанға қойылған талап мүлдем ерекше. Оның беткі қабаты жұмсақ және сызатсыз болуы міндетті.

Депутаттар сондай-ақ, тек сүт араласқан шоколад жейді екен. Өнім ерімеген және жаңа әзірленген болуы тиіс. Қандай да бір өзге иіс немесе дәм болса қабылданбайды.

Ал, тек солтүстікте өсетін көкжидекті тасымалдаушы мұздатып әкелуі керек. Жидек арасынан қандай да бір артық зат табылса кері қайтарылады.

Естеріңізге салайық, күні кеше парламенттің шаруашылық басқармасы 11 мың шөлмек қымбат арақ-шарапқа тапсырыс бергелі жатқаны хабарланған болатын. Кейінірек, отандық БАҚ-тың біріне сұхбат берген бірнеше депутат парламент қабырғасында тегін алкоголь ішпегендігін айтты. Халық қалаулылары бұл вискилер мен коньяктар шетелден келген қадірлі қонақтарға сатып алынуы мүмкін екенін де жасырған жоқ.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »