Новости на Newstaraz.

Жүздеген ауған сарбазы тәліптерден қашып Тәжікстанға өтті

newstaraz.kz

Тәліптер Ауғанстанның солтүстігінде жаңа аумақтарды басып алып, салдарынан ауған әскерінің 300-ден астам сарбазы Тәжікстанға өтті. Бұл туралы 3 шілдеде Тәжікстан шекара қызметі хабарлады.

Ауған әскерилері кейінгі екі аптада осымен Тәжікстанға үшінші мәрте өтіп отыр.

Тәжік шекара қызметінің мәлімдеуінше, тәліптер Ауғанстанның солтүстік-батысында орналасқан Бадахшан провинциясындағы бірқатар ауыл мен шекара бекетін басып алып, 300-ден астам ауған сарбазы Тәжікстанның Хатлон облысындағы Шамсиддин Шохин ауданына қашуға мәжбүр болған.

Кейінгі апталарда «Талибан» қозғалысы үкімет күштерінің бақылауында болған ондаған ауданды басып алды. Бұл жағдай АҚШ бастаған шетел күштерінің Ауғанстан кетіп жатқанында болып отыр. Қазір шетел әскері кеткен соң Батыс қолдауына ие ауған үкіметінің күні не болады деген алаң күшейіп барады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ – Ресей жетекшілік ететін әскери одақ, оған Тәжікстан да кіреді) 3 шілде күні журналистерге жағдайдан бақылаудан алаң тудырып отырғанын, «тәжік-ауған шекарасын күшейтуге» қосым қолдау қажет болуы мүмкін екенін айтты.

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарып жатқан тұста Вашингтон Орталық Азиядан стратегиялық әріптес іздеуге көшті. 1 шілде күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонда Өзбекстан мен Тәжікстан сыртқы істер министрлерімен кездесті, күн тәртібінде ауған тақырыбы да болды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »