Новости на Newstaraz.

ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН ҮЙЛЕР ҚҰЛАҒАЛЫ ТҰР

newstaraz.kz

Шымкенттегі шағын аудандардың бірінде 30-ға жуық тұрғын үй құлауға шақ тұр. Пайдалануға берілгеніне небәрі 3 жыл болған баспана жылдан жылға тозып барады дейді біздің арнаға шағымданған пәтер иелері. Жұрт сапасы сын көтермейтін пәтерлерін 20 жылға ипотекаға сатып алған. Ал, мердігер компания сыннан қорытынды шығарудың орнына кепілдік мерзімі аяқталғанын айтып, ақталып әлек. Сондықтан бүгін ашуға берілген жұрт көшеге шығып, наразылықтарын білдірді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бұл ашық мынандай болатын. Мұны біз құрылыс бөліміне, әкімдікке хат жазып айттық. Содан кейін, арасына мынандай көбік шашып кетті. Бұл жыл өткен сайын, міне 3-ші жыл түсіп келе жатыр. Ал, мұның арасы әжептәуір ашық болатын».

Гүлзира Айымбетова — «Асар» шағын ауданындағы №1-ші көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы. Ол көршілерімен бірге осында көшіп келгеніне небәрі үш жыл болған. Алайда, көп жыл күткен армандарына қол жеткізгенімен, қуаныштары су сепкендей басылғандарын айтады. Себебі, 5 қабатты үйдің сыртқы хас беті жыл өтпей жатып-ақ, түсе бастапты.

ГҮЛЗИРА АЙЫМБЕТОВА, «АСАР» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Дұрыстап қаптап берсін, сапасын жақсартып берсін. Мұның сырты деген, жауын жауған сайын түсіп қалады. Айтамыз, сол кезде өтірік сылап, бояп кетеді әртүрлі түспен».

Үлкен жолдың бойына жағалай салынған барлық 30 тұрғын үйдегі жағдай осындай дейді пәтер иелері. Баспананы 20 жылға ипотекаға алған. Ай сайын тиісті қаражатын банке төлеп отыр. Сондықтан, жаңа үйдің құрылысы сапаға лайық болуы қажет, дейді.

ЖАЗИРА ӨМІРЗАҚ, «АСАР» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «30 үйдің де жағдайы осы. Анау бас жағындағы №1-ші 3-ші үйлер вообще осадка беріп,жерге кіріп кеткен. Жертөлеге су толады. Өйткені, канализация дұрыс істемеген. Біз қанша жерге жүгіндік. Құрылыс басқармасына бардым, әкімдікке кіреміз дедік, қағаз жүзінде де тастадық арызды. Құрылыс фирмасымен де сөйлестік, бізге ешқандай жауап жоқ».

Шенділердің құрғақ уәдесіне әбден тойған жұрт шыдамы таусылып, бүгін көшеге шықты. Құрылыс компаниясы өкілін ортаға алды. Бірақ, мердігер кепілдік мерзімінің аяқталғанын айтып ақталды. Оның сөзінше, барлық құрылыстар талапқа сай жүргізілген. Тек, жобалау жұмыстарында қателік кеткен. Бірақ, мұны бейнекамера алдында айтып беруден бас тартты.

Тұрғын үйдің сапасын құзырлы орган анықтай жатар. Ал, әзірге пәтер иелері бірігіп, Бас прокуратураға шағым түсірмекші. Сөйтіп, әзер қолдары жеткен баспананы кінәлілер тарапынан қайта жөндетіп алмақ ниетте.

ЖАНАЛЫ НАРАЛИЕВ, ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ: «Экспертизадан өткен мұның бәрі. Сыртқы материалдары. Сонда білмейміз, құрылыс жағынан дұрыс қоспаларын қоспады ма. Басқа жағдай болды ма, біз оны айта алмаймыз. Үйдің күн түсетін беттері түсіп жатыр, осылай».
Асарлықтар үй құрылысының сапасыз екенін айтып, бірнеше мәрте тиісті орындарға шағымданған. Бірақ, әзірге, олардың жанайқайына ешкім құлақ түрмеген.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »