Новости на Newstaraz.

Жамбылдық бойжеткен әріптесін пышақтаған полицейдің «былықтарын» жайып салды (видео)

newstaraz.kz

Ақмарал Ахметова есімді бойжеткен Facebook желісінде тікелей эфирге шығып Таразда екі әріптесін пышақтаған лауазымды полицей Мұрат Үмбетәлиевтің үстінен шағымын жылап тұрып айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ. Экс-басшының ерсі қылықтарын тізбектеген қыздың сөзінше, лауазымды шендіге іздеу жарияланғанда жергілікті жұрт жаппай қуаныпты.

«Менің анам Майра Рысманова 2015 жылы осы полиция қызметкері Үмбетәлиевтің кесірінен өзін Бас прокуратураның алдында өртеп жіберіп, көз жұмды. 2015 жылы 28 ақпанда жергілікті полицейлер жұмыстан қайтып келе жатқан ағамның қалтасына және көлігіне 288 гр анаша салып, қамауға алды. Себебі, Мұрат Үмбетәлиев алты жылдан бері ағама «маған жұмыс істе» деп ұсыныс айтып жүрген болатын. Ағам келіспеген соң осылай жазалады», — дейді Ақмарал Ахметова.

Экс-полицей жеті судьяны жұмыстан шығарды

Жамбылдық бойжеткеннің сөзінше, Мұрат Үмбетәлиев өзіне қарсы келгендерді аямайды. Тіпті жеті судьяның ізіне түсіп алып, жұмысынан шығарған. Сондай-ақ, ол қаладағы нашаға бейім азаматтардың барлығын есірткіге отырғызған. Үмбетәлиевтің қолынан талай азамат көз жұмып, біразы түрмеге жабылған екен. Бұдан бөлек қаладағы белді мерамхана, қонақ үй, сауда дүкендері мен ойын-сауық  орталықтарын Үмбетәлиев өз уысында ұстайды-мыс. Яғни аты аталған (жарнамалық мақсат болмас үшін толық атауы жазылмайды) мекемелер экс-полицейге ай сайын табысының бір бөлігін өткізіп, есеп беріп отырған. Қыруар ақша мен биліктің төбесіне шыққан құқық қорғаушы осы жолы да жазадан құтылып кетуі мүмкін деген Ақмарал Ахметова елбасы мен ҰҚК төрағасы және Бас прокуратурадан экс-полицейді тездетіп тауып, түрмеге жабуды сұрады.

Похожие статьи

Іздеуде жүрген Мұрат Үмбетәлиев. Фото: Жанна Папинның Facebook желісінен алынды.

Бойжеткен экс-полицейді жазалау үшін бір жыл бойы билік өкілдеріне бірнеше арыз жазғанымен еш нәтиже болмағанын айтады. Амалдың жоқтығынан әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрап, құзырлы органға өз жанайқайып айтуды жөн санапты.

Еске сала кетейік, 10-тамыз күні Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне қарасты қос басқарманың басшысы және экс-полицей ішімдік ішіп, сөзге келіп, артынша көшеге шығып төбелескен еді. Даудың арты Мұрат Үмбетәлиевтің әріптесі мен досын пышақтаумен аяқталды.

Екі адамды жарақаттаған соң лауазымды құқық қорғаушы қашып кетіп, қазір іздеуде жүр. Ал, төбелестің ортасында болғаны Ерлан Бектұрғанов (криминалды полиция басқармасының басшысы) уақытша қамауға алынды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »