Новости на Newstaraz.

Жамбыл облысындағы әскери қоймада тағы да жарылыс болды

newstaraz.kz

Склад боеприпасов на карте Google

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы әскери қоймада тағы да жарылыс болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады. Бұл туралы желі қолданушысына сілтей отырып Taraz 24 телеарнасы хабарлады. Қорғаныс министрлігі оқиға жөнінде хабарлама жариялады.

«2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді» дейді министрлік.

Баспасөз хабарламасына қарағанда, оқиға жұмыс тыс уақытта болған, оқ-дәрі бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Министрліктің мәлімдеуінше, жарылыс кезінде оған жақын жерде адам болмаған, айналадағы ғимараттарға зақым келмеген.

«Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта биыл 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда» деп жазылған қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданының әскери бөліміндегі қоймада оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласқан. Жарылыстан кейін әскери қоймаға жақын ауылдардан жүздеген адам эвакуацияланған. 17 адам қаза тапты.

Олардың 10-ы — азаматтық қорғаныс, алтауы – қорғаныс министрлігі, біреуі – әскери прокуратура қызметкері. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 462-бабы («Қару-жарақ, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »