Новости на Newstaraz.

Жанар Айжанова қысқа шорты киіп шықты (фото)

0 24

Танымал әнші Жанар Айжанова тозаққа барасың деп сынаған өз тыңдармандарына ренжулі.

«Таңғы астан кейін теңізге түсуге бара жатырмыз. Су жып-жылы, тұнық, шомылуға керемет болып тұр. Қыз-келіншектер сендерге де бұйыртсын осындай демалысты. Мына жерде бізден басқа бір қазақ жоқ. Барлығы немістер, болгарлар. Біздің жастарымыз да осындай демалысқа лайықты ғой. Жер көріп, қалай сөйлеп, қалай жүріп-тұруды үйренер еді. Отырып алып аузына келгендерін құсқанша. Бұны алдыңғы суретке жазған жастардың сөздеріне қарап айтып жатырмын. Мен дүниенің төрт шетін аралап көрген адаммын. Қалай киінсем де сол жерге байланысты киінемін. Апаларыңа имансыз деп өз имандарыңнан айырылып қалмаңдар. Құдай кешірсе, мен кешірдім. Жассыңдар ғой, әлі өмір көрмеген. Аузым бар екен деп айтуға асықпаңдар. Маған айтқан тозақтарыңа өздерің тілдеріңмен баспалдақ жасап жатырсыңдар», — деп күйінді әнші өз желі парақшасында.

Әншінің бұлайша ашуын келтіргендер, оның қысқа шорты киіп түскен фотосына сын жаудырған болатын.

«Ұят екен, мен Жанар үшін халықтан ұялып отырмын», «Шортыдың да тізеден келетіні болады ғой, мынадай қысқа шорты ұят көрінеді», «Біздің қазақтар мұндай образыңызды шаштары тік тұрып қабылдайды ғой енді»,  Қызы ондай қысқа шорты кимеген, ол қызынан да қысқа шорты киіп алған, масқара», — деген сынды пікір қалдырған желі қолданушылары.

Получайте обновления в реальном времени прямо на вашем устройстве, подписаться прямо сейчас.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.