Новости на Newstaraz.

Жапаров: Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы жақында салынатынына сенемін

newstaraz.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы жақын арада басталатынына сенетінін жеткізді. Ол бұл туралы Қытайдың CGTN медиакорпорациясына берген сұқбатында айтты.

Ол бұл жоба бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтты.

«Бұл жол Қырғызстан мен Өзбекстанның ғана емес, бүтін Орталық Азия аймағының көлік-транзит потенциалын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл жобалар бойынша қандай да бір саяси келіспеушіліктер жоқ, тек техникалық және қаржы мәселесі бойынша ғана сұрақтар бар», — деді Жапаров.

Осыған дейін Садыр Жапаровтың Бейжіңге сапарында талқыланатын мәселелердің бірі – Қытай –Қырғызстан – Өзбекстан темір жол магистралы құрылысының болашағы болатыны айтылған.

Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолының төрт бағыты бойынша варианттар бар. Қырғызстан темір жолы Ат-Башы ауданындағы Торугарт асуы арқылы өтіп, Ферғана тау қырқасы бөліп тұрған Қырғызстанның екі жағын байланыстырғысы келеді. Ал Қытай мен Өзбекстан темір жолдың қысқа бағыты Эркечтам асуы арқылы өтуді қалайды.

Темір жолдың еніне келетін болса, Қытай 1435 миллиметрлік халықаралық стандартты қолданады. Ал Қырғызстан мен Орталық Азия өлкелерінің темір жолы 1520 миллиметрлік советтік стандартта.

Темір жолдың ені басқа болғандықтан қырғыз-қытай және қырғыз-өзбек шекарасында вагондарды аударатын станция салынуы тиіс. Қырғызстанның бастапқы ұстанымы мұндай станцияны Арпа өңірінен салу болса, Қытай жүгін бірден Өзбекстанға жеткізуді көздейді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »